Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар құриды, Сен боласың әр уақытта,Киімдей тозады олардың барлығы да,Көйлектей ауыстырасың Сен оларды,Содан олар лақтырылып тасталады. Әділетсіз істеріне жіптей шандылып байланғандар қасіретке қалады! Олар жалғандыққа шырмалып, күнәларын арқанмен буылғандай арттарынан сүйреп жүр. Қорықпа, Мен саған жар боламын,Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын!Саған қуат беріп көмектесемін,Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін. Олар күйе түсетін киімдей, құрт жеген жүндей өткінші ғана. Ал Менің әділ билігім мәңгілік, құтқаруымның игілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек». Ал бұдан былай қандай қару-жарақ саған қарсы жасалса да, сені құрта алмайтын болады. Өзіңді айыптағандардың сөздерін әшкерелеп, жоққа шығарасың.Жаратқан Иенің қызметшілері осы игіліктерді иеленетін болады. Оларды Өзім ақтап аламын», — деп нық айтады Жаратқан Ие.
Выбор основного перевода