Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Енді бар! Мен саған жар болып, айтатын сөздеріңді үйретемін, — деп бұйырды. Таң ата маған естіртші мейіріміңді,Өйткені Өзіңе артамын сенімімді,Көрсетші Маған қай жолмен жүретінімді,Себебі Саған бағыштаймын өмірімді. Дәл айтылған жауап адамды қуантар,Уақтылы айтылған сөз бір ғанибет болар. Балаларыңның бәрі де Тәңір Иеден тәлім алмақ, әрі керемет амандық пен тыныштыққа кенелмек. Мен шаршаған жанды сергітемін, қайғырып түңілгенді рухани нәрге кенелтемін». Себебі Иса оларға өздерінің дін мұғалімдері сияқты емес, Құдайдан ерекше билігі бар Біреу ретінде тағылым берді. Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар,Еңселерін тым ауыр жүк басқандар,Менің қасыма келіңдер, бәрің,Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін! Олар Оның тәліміне таңданып, қатты қайран қалды. Себебі Иса оларға дін мұғалімдері сияқты емес, Құдайдан келген ерекше билікпен тағылым берді.
Выбор основного перевода