Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Турашыл жанға түнекте таң атады,Ол рақымды, мейірбан, әділ болады, Халық қараңғыда ғұмыр кешіп келеді,Ал енді бір ғаламат Нұрды көреді,Түнек басқан жерде тұратын елгеТаңның шапағы сәулесін төгуде! Сөз жоқ, тек Құдай менің Құтқарушым!Оған сеніп, қорықпаймын да енді,Жаратқан Ие — күш-қуатымның көзі,Айтатын жырым Тәңір Ием жайлы,Ол адал Құтқарушым болып келеді!» Шындықты көрмейтін халқымды МеніңӨзі білмейтін жолмен жетелеймін,Бейтаныс жолдармен бастап алып жүріп,Түнекті алдынан нұрға айналдырамын,Қисық жолдардың бәрін түзетемін.Халқым үшін осыларды жасаймын,Ешқашан оны жалғыз қалдырмаймын!» Ол сөзімді семсердей өткір етті. Мені қолының саясында қорғап үшкірленген жебеге ұқсас қылып «қорамсағында» сақтап келеді. Жаратқан Ие маған мынаны айтқан еді:— Исраил, сен Менің Қызметшімсің. Өзіңде салтанатты ұлылығымды ашық көрсетемін. Сонда патшалар кіндік әкелерің болып, ханымдары күтуші әйелдеріңе айналады. Олар саған жерге дейін иіліп тағзым етіп, аяғыңа жабысқан шаңды сүртіп құлдық ұрады. Осылай сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың. Маған үміт артқандар ұятқа қалмайды!» «Мені табалама, дұшпаным! Құласам да, қайта тұрамын! Қазір түнекте отырсам да, Жаратқан Ие жарық нұрым болады! — дейді Иерусалим. —
Выбор основного перевода