Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер біреу үйленіп, кейін әйелінің бір масқарасын ашып, оны жақтырмай кетсе және оған ажырасу қағазын жазып беріп, үйінен шығарып жіберсе, айталық, екінші күйеуі де оны жаратпай, ажырасу қағазын жазып беріп, үйінен шығарып жіберсе я болмаса қайтыс болса, «Жартастай Қорғандары» — Жаратқанның ӨзіЖау қолына тапсырмаса Исраилді,Қалайша жаудың жалғыз жауынгеріИсраилдің мың сарбазын қуар еді?Және қалайша жаудың екі жауынгеріОн мыңдай исраилдікті қашқызар еді? Бірде пайғамбарлардың біреуінің әйелі Елішеге бас ұрып:— Мырза, менің күйеуім қайтыс болды, оның Жаратқан Иені терең қастерлеп өткенін өзіңіз білесіз. Ал енді, бізге қарыз берген адам екі ұлымды өзіне құл етіп әкетуге келіп отыр, — деді. Жоқ, оларды алдын ала естіп, түсінген жоқсыңдар! Баяғыдан-ақ сөздеріме құлақ салмадыңдар. Сендердің опасыздық жасайтындарың да маған бұрыннан айқын болатын. Туғаннан-ақ Құдайға қарсы тұрушы деп аталасыңдар! Себебі Жаратқан Ие былай дейді: «Сендер ақшаға сатылмай-ақ құлдыққа түстіңдер. Енді құн төленбей-ақ босатыласыңдар!» Сен қуылған, мұңды әйел секілдісің. Біреу жас кезінде үйленіп, тастап кеткен әйелге ұқсайсың. Жаратқан Ие сені қайтадан қасына шақырады!» — Құдайыңның Өзі мұны айтады. «Сені біраз уақытқа тастап кетіп едім, бірақ зор сүйіспеншілікпен Өзіме қайтарып алып келемін. Мен тұрақсыз Солтүстік Исраилге жасаған барлық азғындықтары үшін талақ хатын жазып беріп, оны қуып жібердім. Әйтсе де бұдан оның опасыз сіңлісі Яһуданың еш қорықпағанын, тіпті өзінің де азғындыққа салынғанын көрдім. «Шешелеріңнің кінәсін әшкерелеп, оған ескертіңдер! Себебі ол енді Менің әйелім емес, Мен де оның күйеуі емеспін. Ол жеңіл жүрістінің бояуын бетінен сүртіп тастап, кеуделерін ашық көрсететін киімдерін шешіп, әдепті киінсін. Қарызын төлейтін ештеңесі болмағандықтан, патша оның өзін, әйелін, бала-шағасы мен мал-мүлкін түгел сатып, содан түскен ақшамен қарызын өтеуге бұйырады.
Выбор основного перевода