Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деді:— Мен бұл халықты назарымда ұстап келемін, оның тоң мойын қыңыр екеніне көзім жетті. Сендердің қандай бас көтергіш, тоңмойын қыңыр халық екендеріңді білемін. Мен әлі де тірі болып, қастарыңда жүрсем де, сендер Жаратқан Иеге бағынбай келесіңдер. Ендеше мен өлгеннен кейін одан бетер болмай ма?! Енді олар сияқты қиқарлыққа салынбаңдар! Жаратқан Иеге мойынсұныңдар! Оның мәңгілікке Өзіне бағыштаған киелі үйіне келіп, Оған қызмет етіңдер! Сонда Ол сендерге деген қаһарынан қайтпақ. — Уа, Жаратқан Ие, Сен шыншылдықты талап етесің ғой! Сен оларға соққы берсең де, еш ауырсынбады, күйрете соққы берсең де, түзелуден бас тартты. Олар беттерін тастан бетер қатайтып қасарысып, күнәларына еш өкінбеді. Мен сені жіберетін халық тоңмойын қыңыр. Оларға: «Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады» деп жарияла! Бірақ Исраил халқы сені тыңдағысы келмейді, себебі олар Мені тыңдағылары келмейді. Өйткені бүкіл Исраил халқы тоңмойын қыңыр. Бірақ сені солардың өздері сияқты бетіңнен қайтпайтын, маңдайы қатты қайсар етемін. Мен маңдайыңды тіпті шақпақ не алмас тастан да қатты қыламын! Олар бас көтергіш халық болса да, солардан қорқып, сұсты бет-әлпеттерінен шошушы болма!»
Выбор основного перевода