Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Халықтың шелектерінен су мол ағады,Сепкен тұқымдарына ылғал мол барады,Оның патшасы Агагтан да үстем болады,Иә, патшалығының даңқы тым асады. «Жиындарда Құдайымызды мадақтаңдар,Исраилдің ұрпақтары, Иемізді даңқтаңдар!» Аузымнан тек шындық шығады, Мен сөзімнен қайтпаймын. Өз атыммен былай деп ант етемін: Менің алдымда әрбір адам тізе бүгіп, тіл біткен әр пенде Маған ант беріп бағынып: Ей, жүректері қасарысқандар, әділдіктен қашық жүргендер, айтқандарыма құлақ түріңдер! «Мәңгі тірі Жаратқан Ие» деген Менің атыммен ант беріп, шындық, әділет және әділдікпен жүріңдер. Содан өзге халықтар сендер арқылы жарылқанып, есімімді даңқтап, мақтан тұтатын болады. Олар: «Мәңгі тірі Жаратқан Иенің атымен» деп ант еткеннің өзінде өтірік айтады.
Выбор основного перевода