Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олардың Мені терең қастерлеп, өсиеттерімді түгел орындауға ниеттенген жүректері берік болса екен! Сонда олардың өздері де, ұрпақтары да әрқашан игілікті өмір сүретін болады. Дана болып олар ұғынса ғой,Ақыр аяғы не боларын ұқса ғой! Халқым Менің сөзіме құлақ салса екен,Исраилдің ұрпағы жолыммен жүрсе екен! Тәліміңді сүйгендер тыныштыққа кенелер,Ештеңеге сүрінбей, аман-есен жүрер. Жаратқан Иеге қатты қуанам,Құдайыма шаттанады жан дүнием,Мені Ол құтқарып, амандыққа бөледі,Үстіме әділдікті де жауып берді!Күйеу жігіт діни қызметкер іспеттіӘшекейлі тәж басына киеді,Қалыңдық асыл тастарын тағады,Дәл солай мен де болдым салтанатты! Өскіндерді топырақ көктетеді,Себілген дәндерді бақша өсіреді.Ал енді Жаратушы Тәңір ИеӘділдігі мен даңқты істерін деБарлық халықтардың көз алдарындаШүбәсіз қаулатып шығарады да! Өйткені Жаратқан Ие мынаны айтады:— Мен бұл қалаға амандық пен тыныштықты дариядай ағызып молынан сыйлаймын. Елдердің байлығын да оған тасқынды судай ағызамын. Сонда өздеріңді анасын еміп рақаттанған нәрестедей сезінесіңдер. Бұл, Сионның сендерді аялы алақанымен көтеріп алып жүріп, тізесіне салып, әлдилегені секілді тамаша болады. — Ең болмағанда сен бүгін өзіңді ненің құтқара алатынын білсең ғой шіркін! Бірақ қазір мұны ұға алмайсың.
Выбор основного перевода