Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Оян, Сион халқы, оян! Күш-қуатқа бөлен! Қасиетті қала Иерусалим, салтанатты киін! Құдайсыз, күнәлі жауларың енді қайтып саған кірмейтін болады! Ойлаңдаршы, Мен тіпті Өзімнің атыммен аталған қаланың басына да апат түсіремін. Сонда өздеріңді жазадан құтыламыз деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, құтылмайсыңдар, өйткені жер бетінің күллі тұрғындарына семсерді жіберемін! — деп нық айтады Әлемнің Иесі. Уа, Құдайым, құлағыңды бұрып, назар аудара гөр! Өз атыңмен аталған қаланың қаңырап бос жатқанына көз сала гөр! Біз өз әділдігімізге емес, тек Сенің орасан рақымыңа ғана сүйеніп Өзіңе өтініш жасаймыз. Елдің басшылары пара алып үкім шығарады, оның діни қызметкерлері тәлім бергенде ақша талап етеді және пайғамбарлары айтқан хабарлары үшін ақы сұрайды. Бірақ сонда да олар: «Жаратқан Ие біздің арамызда ғой, басымызға ешбір пәле түспейді!» — деп Жаратқан Иеге арқа сүйейді екен! Сен яһуди екеніңді айта жүріп, Таурат заңына сүйеніп, Құдаймен ерекше байланыста тұрғаныңа мақтанасың ба? Құдайды білеміз десе де, мұнысын іс-әрекеттерімен жоққа шығарады; олар — жек көрінішті, ешкімге бағынбайтын, ешқандай игі істер жасауға жарамсыз жандар.
Выбор основного перевода