Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, жайбарақат жатқан әйелдер, тұрып, мені тыңдаңдар! Ей, бейқам бойжеткендер, сөзіме құлақ асыңдар! Әй, жайбарақат жүрген бейқам қыз-келіншектер, зәрелерің ұшып қалтыраңдар! Сәнді киімдеріңді шешіп тастап, азалы киім киіп, белдеріңді байлап алыңдар! (Пайғамбар:)Беу, бір кезде халқы мол болған қалаЖападан-жалғыз отыр қазір қалайша!Ол сыйлы болатын халықтар арасында,Ал енді жесірдей болды тым бейшара.Аймақтарды басқарған ақсүйек ханшаЖай күңдей қазір ауыр жұмыс жасауда. Біліп қойыңдар, бұрын масайрап, бейқам жатқан қаланың сиқы осындай болады. Сол кезде ол мақтанып: «Мен өзім бар болушымын, маған тең келер еш нәрсе жоқ!» — дейтін. Ал енді ол қирап үйінді болып, жабайы аңдардың мекеніне айналды! Оның жанынан өткен-кеткеннің барлығы ысқырып, қолдарын сілтеп, оны мазақтайды. Ол қаншама сән-салтанат пен молшылыққа кенелген болса, оған соншама көп азап пен қайғы-қасірет тартқызыңдар! «Мен тақта отырған ханыммын; жесір емеспін, қайғы-қасірет те шекпеймін!» дейді ол.
Выбор основного перевода