Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Міне, Құдайды паналамаған жан,Қайта, мол байлығын арқа тұтқан,Зұлымдықпен одан бетер нығайған». Зорлықпен алып қоюға үміт артпа,Дүние-мүлік ұрлаймын деп те мақтанба,Дәулетің молайса, соған сенім артпа! Ой-ниеттерін Жаратқан Иеден жасыруға тырысқандар қасіретке қалады! Олар іс-әрекеттерін түнекте істеп: «Бізді кім көреді? Істеп жатқанымызды қайдан біледі?» деп ойлайды. Сол себептен Исраилдің Киелі Құдайы жауап беріп мынаны айтады:— Сендер сол айтқандарымды қабылдамай, зорлық пен алдамшылыққа сеніп, соларға сүйенесіңдер. Керісінше, күлге айналатын нәрсені қанағат тұтады! Алданған саналары сондай адамдарды адастырады. Олар өз жандарын құтқара алмайды. «Оң қолымдағы осы нәрсе жалған емес пе?!» — деген қорытынды шығармайды. Рақатқа батып, бейқам тұрып жатырсың. «Әлемде тек мен ғана маңыздымын, мендей ешкім жоқ! Ешқашан жесірдей жалғыз қалмаймын, тұрғындарымнан еш айырылмаймын!» деп мақтанасың. Ал енді, мынаған жақсылап құлақ сал: «Пендем, Тирдің әміршісіне мына хабарымды жеткіз: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Жүрегің мейлінше асқақтап сен өзің туралы: «Мен тәңірмін, теңіз ортасындағы тәңір тағында отырмын!» дейсің. Өзіңді тәңірмін деп сезінесің, бірақ сен Құдай емес, жай ғана пендесің!
Выбор основного перевода