Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі Жаратқан Ие Өзінің зұлымдарға тиісті жазаларын тартқызатын күнін жоспарлады. Ол Едомға оның Сион халқына көрсеткен зорлық-зомбылығын қайтаратын уақытын белгіледі. Мен халқымды езгіден құтқаратын жыл келді, арамза жауларыма жазаларын тартқызатын мезгіл жетті деп ұйғардым. біліп қой: Мен өзіңмен бірге рақаттанған ашыналарыңның барлығын, өзіңе сүйкімдісін де, жек көрініштісін де жинап аламын. Оларды жан-жақтан саған қарсы жинап әкеліп, олардың көзінше сенің киімдеріңді сыпырып шешіп тастаймын. Сонда олар жалаңаш тәніңді түгелдей көретін болады. «Мен саған қарсымын, — деп ескертеді Әлемнің Иесі. — Сенің етегіңді бетіңе дейін түргіземін! Халықтар мен патшалықтарға сенің жалаңаш тәніңді ашып, абыройыңды төгемін.
Выбор основного перевода