Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондықтан Тәңір Ие оларға қайнаған қаһарын төгіп, сұрапыл соғыс жіберді. Бірақ олар Құдайдың лаулаған қаһарына ұшыраса да, соның себебін ұқпады! Тіпті жалыны жалмағанмен, олар мұны көңілдеріне түймеді! Енді өзара ақылдасып, күшті дәлелдеріңді келтіріңдер: Кім бұл жайттарды баяғыдан бері жария етті? Оларды алдын ала айтқан кім? Мен, Жаратқан Ие, емес пе едім? Жалғыз Мен ғана әділ Құдай әрі Құтқарушымын. Менен өзге құдай болған емес, болмайды да! «Ей, Бабыл, халдей халқының астанасы, қараңғы жерге барып, үніңді шығармай отыр! Сені енді қайтып патшалықтарға билік жүргізетін ханым деп атамайтын болады. Ол қаншама сән-салтанат пен молшылыққа кенелген болса, оған соншама көп азап пен қайғы-қасірет тартқызыңдар! «Мен тақта отырған ханыммын; жесір емеспін, қайғы-қасірет те шекпеймін!» дейді ол.
Выбор основного перевода