Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі сендер Құдай Иеге бағышталған қасиетті халықсыңдар. Жер бетіндегі барлық халықтардың ішінен Жаратқан Ие сендерді Өзінің ерекше құнды меншігі болуға таңдап алды. Уа, Құдайымыз, осы елдің бұрынғы тұрғындарын өз халқың Исраилдің алдынан қуып шығып, елді өз досың Ыбырайымның ұрпақтарына мәңгілікке табыстаған Сен емессің бе? Өйткені Жаратқан Жақыптың әулетін таңдады,Исраилді Өзінің меншігіне тағайындады. «Ал енді, тыңда, Жақыптың үрім-бұтағы, қызметшім Менің! Маған құлақ сал, таңдап алған Исраил халқым! Ана құрсағында сені қалыптастырып жаратқан Қолдаушың, Мен, Жаратқан Ие, саған былай деймін: Қорықпа, Жақыптың үрім-бұтағы, қызметшім Менің, Өзім таңдап алған әділ халқым! «Жақыптың үрім-бұтағы, Өзімнің қызметшім,Осыларды ескеріңдер, ей, Исраил халқым:Сені Өзіме қызмет ету үшін жараттым,Мен ешқашан да сені есімнен шығармаймын! Өзімді әлі білмеген кезіңде-ақ сені атыңды атап шақырып, жоғары лауазымға тағайындаймын. Мұны өз қызметшім үшін, Жақыптың үрім-бұтағы, таңдап алған Исраил халқым үшін істеймін. Тәңір өз қайырымын ескеріп,Қызметшісі Исраилді қамқорлайды: Сонда Киелі жазбадағы мына сөздер жүзеге асты: «Ыбырайым Құдайға сенді, сондықтан Оның алдында ақталды». Содан Ыбырайым тіпті «Құдайдың досы» деген атаққа да ие болды.
Выбор основного перевода