Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Ал сендер Мен туралы шындықты паш етуге тиіссіңдер, ей, Исраил халқы! — дейді Жаратқан Ие. — Мені жақыннан танып, Маған сеніп, кім екенімді ұғынуларың үшін таңдап алған қызметшімсіңдер. Менен бұрын болған да, кейін бола алатын да ешқандай құдай жоқ! Жаратқан Ие — Исраилдің Патшасы мен азат еткен Қамқоршысы әрі Әлемнің Иесі мынаны айтады: «Алғашқы да, Соңғы да Менмін, Менен өзге құдай жоқ! Әлде Мен сияқты біреу бар ма? Онда сол өзін әйгілеп, дәлелдерін Менің алдымда ашық келтірсін: ол Мен халқымды жаратып, еліне орналастырған ежелгі кезден бері не болып келгенін және келешекте не болатынын рет-ретімен айтып берсін! Содан кейінгі жайттарды да ашық мәлімдесін! Ақырғы жайттарды әуел бастан-ақ және әлі істелмеген істерді баяғыдан-ақ алдын ала білдіріп келемін. Мен мақсатымды орындап, Өзіме ұнайтындарды іске асыратын боламын деп уәде беремін. Мен Оны көргенде өлі адамдай алдына құлап түстім. Сонда Ол оң қолын үстіме қойып, былай деді: «Қорықпа! Мен Алғашқымын да Соңғымын Алғашқы да Соңғы, Бастапқы да Ақырғы, Басы да Аяғы Менмін.
Выбор основного перевода