Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Парсы патшасы Кирдің бұйрығы мынау: Көктегі Құдай — Жаратқан Ие маған жер бетіндегі барлық патшалықтарды тапсырды. Ол мені Яһуда жеріндегі Иерусалим қаласында Өзіне арнап киелі үй салуға да тағайындады. Араларыңдағы Оның халқына жататын әр адам сол жаққа өрлеп барсын! Құдайы Жаратқан Ие оған жар бола көрсін!» Алайда саған шабуыл жасаған көптеген жат жерлік жауларың кенеттен майда шаң-тозаңдай кері үрленіп тасталады. Айбарлы жасақшылар тобырлары қауыз іспетті ұшып кетеді. Бұл лезде, күтпеген жерден болмақ. Олар жуырда жерге себілген не отырғызылған, енді ғана тамыр жайған өсімдіктерге ұқсайды: Жаратқан Ие ыстық лебін үрлегенде солар бірден кеуіп, солып қалады. Содан қатты дауыл оларды қауыздай ұшырып әкетеді. «Сені әділдікпен Өзім шақырдым,Қолыңнан ұстап, қорғаймын, әрі қойдымКелісімнің кепілі болуға өз халқыма,Жол көрсеткіш Нұр да өзге ұлттарға. Мен, Жаратқан Ие, Өзім тағайындаған Кир патшаны оң қолынан сүйемелдеп, оған халықтарды бағындырамын. Оның алдынан есіктерін ашып, қала қақпаларын жапқызбау үшін елдердің патшаларының сауыт-саймандарын шештіріп тастаймын. Кир патшаға былай деймін: «Мен алдыңда жүріп отырып, жолыңдағы тау-төбедей кедергілерді тып-типыл етіп тегістеймін. Мықты қола қақпаларды быт-шыт қылып, темір ысырмаларын да сындырамын». Қараңғы жерлерде сақталған қазыналарды, жасырын орындарда жатқан байлықтарды саған табыс етемін. Осылай Менің кім екенімді білетін боласың: сені атыңды атап Өзіме қызмет етуге шақырған Жаратқан Иемін, Исраилдің Құдайымын! Шығыстағы алыс елден біреуді шақырып, алып келемін. Ол жауларына қырғидай тиіп, мақсатымды белсене орындайды. Мен айтқанымды еш шүбәсіз жүзеге асырамын, солай шешкен соң оны орындаймын! Ендеше жиналыңдар, бәрің де құлақ салыңдар! Жаратқан Иенің сүйікті қызметшісі (Кир патша) Оның еркін Бабылда орындап, мықты қолымен сол елдегі халдейлерге қарсы шығатын болады. «Жалған тәңірлердің қайсысы бұны алдын ала білдіріпті? Жоқ, тек Мен ғана соны алдын ала айттым. Өзім оны шақырып әкелемін және оның жолын сәтті етемін. Сонда Ыбырайым пайғамбар халдейлер елін тастап, Харанды мекендеді. Әкесі өлгеннен кейін Құдай оны сол жақтан сіздер қазір тұрып жатқан осы жерге көшірді.
Выбор основного перевода