Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ шөлейт жерді Ол айналдырады көлге,Кеуіп қалған даланы қайнар көзге, Ақсақ адам енді бұғыдай секіріп, сөйлей алмаған мылқау қуана айқайлайды. Шөл далада бұлақ көздері қайнап, құла түзде өзендер ағады. Шөлейт жер көлге айналып, қураған дала бұлақтарға толады. Шибөрілер тынығып келген аңызақ жерлерде енді көк шөп пен қамыс-құрақ жайқалады. Мен шөлдеген жерді суға кенелтіп, кеуіп қалған далаға суды тасқындатып ағызамын. Ұрпақтарыңның үстіне Рухымды құйып, оларға жарылқауымды жаудыра беремін. Уа, Иерусалимде тұратын Сион халқы, бұдан былай сендер жыламайсыңдар. Азапталып, Жаратқан Иенің құтқаруын сұрап шақырсаңдар, Ол сендерге рақым көрсетеді. Дауыстарың құлағына шалынысымен-ақ Ол сендерге жауап береді. Шындықты көрмейтін халқымды МеніңӨзі білмейтін жолмен жетелеймін,Бейтаныс жолдармен бастап алып жүріп,Түнекті алдынан нұрға айналдырамын,Қисық жолдардың бәрін түзетемін.Халқым үшін осыларды жасаймын,Ешқашан оны жалғыз қалдырмаймын!» Таңдап алған халқымды сумен қамтыпҚұла түзден өзендер ағызамын.Шибөрі, түйеқұс, дала аңдарыСодан Мені дәріптейтін болады.
Выбор основного перевода