Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда қоршаған жауымнан биік тұрамын,Иемнің киелі үйінде шаттанамын,Қуана Оған сый-тартулар бағыштаймын,Ән-жырымды Жаратқан Иеге арнаймын. Әділдер, қуана мақтаңдар Жаратқанды,Адал жандардың мақтауы жарасымды. Жаратқанды домбырамен мадақтаңдар,Он ішекті жетігенмен күй тартыңдар, Оған бағыштап жаңа ән айтыңдар,Мәнерлеп ойнап, шаттана айқайлаңдар! Уа, Ием, Өзіңе сиынғанның барлығынаКешірімді де ізгісің, шексіз рақымды да. Өмір бойы Жаратқанға ән саламын,Дем біткенше Құдайыма жыр айтамын, Шүкірлік құрбандығын ұсынамын Саған,Сенің атыңды паш етемін, уа, Жаратқан. Жаратқанға берген анттарымның барлығынБүкіл халқы алдында іске асырамын: Иемнің киелі үйінің ауласында,Уа, Иерусалим, сенің қақ ортаңда.Жаратқан Иені мақтаңдар әр уақытта!
Выбор основного перевода