Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондықтан өз көздеріңмен көрген осы нәрселердің ешқайсысын естеріңнен шығармауларың үшін, әрі өмір бойы жүректеріңнен кетіп қалмаулары үшін абай болып сақтаныңдар! Сол үшін балаларың мен немерелеріңе оларды айтып үйрететін болыңдар! Балаларыңа да бұл сөздерді мұқият үйретіңдер: үйде отырған не жол жүрген, төсекте жатқан не тұрып жатқан кездеріңде де солар туралы айтатын болыңдар! Өзіңнен тарайтын ұрпақтарыңның кейбіреулері де сол елге әкетіледі. Бабылдықтар оларды белінен айырып азбанқұл қылып, Бабыл патшасының сарай қызметшілері етіп қояды! — Өзіміз естіп білген әңгімелерді,Аталарымыз айтқан нәрселерді Солардың ұрпақтарынан жасырмаймыз,Келер буынға оларды жариялаймыз:Жаратқан Иенің даңқты істерін,Оның құдіреті мен кереметтерін. Өйткені Иеміз Жақыптың ұрпағынаЕрежесін орнатып, Исраил халқынаАрнап Таурат заңын шығарып тапсырды,Ол ата-бабаларымызға солардыБалаларына үйретуге бұйырды. Келер ұрпақ оларды жақсы танысын,Кейін туар перзенттері де ұғынсын,Олар да өз балаларына үйретсін. Осылай бұлар Құдайға үміт артсын,Оның кереметтерін есте сақтасын,Әрі өсиеттерін нық орындасын. Енді өлмеймін, өмір сүре беремін,Жаратқанның істерін паш етемін.
Выбор основного перевода