Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әлемнің Иесі біразымызды тірі қалдырмағанда, біз де ежелгі Содом мен Ғомора қалаларының кебін киіп, толықтай жойылып кеткен болар едік. Езекияның «Бізді Жаратқан Ие шүбәсіз құтқарады, осы қала Ассур патшасының қолына түспейді» деп сендерді Жаратқан Иеге нандыруына жол бермеңдер! Тек Езекия «Жаратқан Ие бізді құтқарады» деп сендерді еліктірмесін! Әлде басқа халықтардың қандай да бір тәңірі өз елін Ассур патшасының қолынан құтқара алып па еді?! Осы елдердің барлық тәңірлерінің қайсысы өз елін менің қолымнан құтқарып қалған еді? Ендеше Жаратқан Ие Иерусалимді менің қолымнан құтқарып алмақшы ма?!
Выбор основного перевода