Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Құдай, көтеріліп, ісіңді қорғай көрші,Күнде ессіздің Өзіңді қорлағанын ескерші: Ассур патшасы мәңгі тірі Құдайды қорлауға өзінің бас уәзірін жіберді. Мүмкін, Құдайыңыз Жаратқан Ие осы сөздерді естіген соң, Ассур патшасын айтқандары үшін сөгіп ескертер. Сондықтан халықтың әлі де тірі қалғандары үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңізші! Уа, Құдайым, құлағыңды бұрып, назар аудара гөр! Өз атыңмен аталған қаланың қаңырап бос жатқанына көз сала гөр! Біз өз әділдігімізге емес, тек Сенің орасан рақымыңа ғана сүйеніп Өзіңе өтініш жасаймыз.
Выбор основного перевода