Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол жерден, Келісім сандығы қақпағының үстіндегі екі керуб мүсіндерінің ортасынан Мен саған тіл қатып, Исраилдің үрім-бұтағына сен арқылы бұйыратын ережелерімнің бәрін тапсырамын. Себебі Құдайларың Жаратқан Ие — «тәңір» атаулының үстіндегі Құдай және иелердің Иесі. Ол — үрей туғызатын ұлы да құдіретті Құдай, ешкімнің бет-жүзіне қарамайды да, ешкімнен пара алмайды да. Уа, Исраилдің Бағушысы, құлақ түрші,Бейне қой отарындай жетелейсің Жүсіпті.Уа, керубтер арасында «тақта» Отырушы,Өзіңнің нұрлы салтанатыңды жайнатшы. Аспанды жайып жіберіп жаратқан,Жерді де өнімімен жайып тастаған,Адамдарға өмірдің лебін үрлеген,Жер басқанның бәріне тыныс бергенҚұдай Ие мынаны да айтқан: Жерді және оның үстіндегі адамдарды жаратқан Менмін! Өз қолыммен аспан кеңістігін жайып жіберіп, барлық аспан денелерін өз бұйрығыммен орналастырдым және бақылаймын да. Сенушілер осыны естігенде ниеттес көңілмен Құдайға сиынып, дауыстап былай деді:— Уа, Әлемнің Әміршісі, көк пен жерді, теңізді және олардағы нәрселердің бәрін жаратқан Сенсің!
Выбор основного перевода