Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол түні-ақ Жаратқан Иенің періштесі ассурлық әскер қосына барып, ондағы бір жүз сексен бес мың адамды қырып кетті. Таң ата тірі қалғандары тұрып қараса, солардың бәрінің өліктері жатыр екен! Сонда Жаратқан Ие періштесін жіберді. Періште Ассур патшасының әскер қосындағы барлық батырларын, қолбасшылары мен әміршілерін қырып кетті. Осылай масқара болған Сеннахирим еліне қайта оралды. Сол жерде ол өзінің табынатын жалған тәңірінің ғибадатханасына кіргенде оны өз ұлдары семсермен шауып өлтірді. Алайда Тәңір Ие Сион тауы мен бүкіл Иерусалимге қарсы істеп жатқандарының бәрін бітірген кезде былай дейтін болады:— Мен Ассур патшасын өркөкіректеніп, паңдана қарап жүргені үшін жауапқа тартатын боламын! Біліп алыңдар, Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие оларды ағаштың кесілген бұтақтарындай етіп қорқынышты құдіретпен шауып құлатады. Зәулім ағаштай өркөкіректеніп, менменсіген олар кесіліп түсіп, қор болады. Ливанның қалың ормандары балтамен шабылып тасталғандай, паңданған жаудың әскері Құдіретті Құдайдың алдында құлап, жермен-жексен болады. Мен ассурлықтарды өз елім Исраилде талқандап, оларды өз тауларымда басып тастаймын. Осылай халқымның мойнынан Ассурдың мойынтұрығы алынып, олар көтерген ауыр жүктерінен арылады. Кешке қарай қорқыныш тудырғанмен, олар ертеңгісін жоқ болады. Біздің елді тонап, мал-мүлкімізді талап әкеткен әрбір жаудың тағдыры, міне, осындай болады. «Ассур әскері соғыста семсерден құриды, бірақ пенденің семсерінен емес. Адам қолымен жасалмаған қару оларды жалмайтын болады. Ассурлықтар семсерден қашып кетпек, ал олардың жас жігіттері құлдыққа түсіп, ауыр жұмыс істейтін болады.
Выбор основного перевода