Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен елдеріңе тыныштық сыйлаймын, ешкім де сендерді мазаламай, алаңсыз ұйықтайтын боласыңдар. Мен бұл елден жыртқыш аңдарды жоямын. Жау семсері елдеріңді шауып та тастай алмайды. Бұл — оңтүстіктегі Негев аймағындағы хайуандар туралы ауыр хабар:Елшілер керуені ақырған арыстандар, улы сұр жыландар мен атылып шағып алатын оқ жыландар мекендейтін қорқынышты құла түз арқылы өтіп Мысырға барады. Олар есектерінің арқаларына, түйелерінің өркештеріне артқан бағалы заттары мен қазыналарын тасып әкетеді. Алайда Мысыр елі оларды қорғай алмайды, Сонда иен даланың аңдары қорқау қасқырларға ұшырасып, жабайы текелер бір-бірін маңырап шақырады. Түнгі аңдар сол жерде демалып, тыным табады. Олар «Жаратқан Иенің құтқарып, Өзіне бағыштаған халқы» деп аталады. Уа, Иерусалим, сен бұдан былай «күйеуі тастап кеткен» емес, «ерекше қалаулы қала» деп аталатын боласың. Салауатты да сергек болыңдар! Сендердің қас жауларың, шайтан, ақырған арыстандай қауымды айнала шарлап, кімді жалмасам деп торуылдап жүр.
Выбор основного перевода