Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол Ливандағы зәулім самырсын ағашынан бастап, қабырға жарығынан өсіп шығатын сайсағызға дейін күллі өсімдіктер жайлы тәлім берді. Сондай-ақ, ол малдар, құстар, бауырымен жорғалаушылар және балықтар туралы да айтып кеткен. Ассур патшасының бас уәзірі бұларға тіл қатып былай деді:— Езекияға мына сәлемді жеткізіңдер: Ұлы патша — Ассур патшасы мынаны айтады: Сен не нәрсеге арқа сүйейсің? Сол кезде адамдар былай дейтін болады:«Біліп алыңдар, Бұл — біздің Құдайымыз,Аңсап Оны Оған сенім артамыз,Ол — жаудың қолынан Құтқарушымыз,Біздің Иеміз һәм Жаратушымыз,Оны аңсап Оған сенім артамыз.Енді бәріміз қатты қуанамыз,Бізді құтқарғанына шаттанамыз!» Ал кейін Құдай көктен өз Рухын үстімізге құяды. Сонда елсіз дала бау-бақшаға айналып, бау-бақша ормандай жайқалып, мол өнім беретін болады. Жаратқан Иенің азат еткен халқыСионға ән шырқап қайтып келеді,Олар ұдайы мәз-мейрам болады,Қуаныш пен шаттыққа кенеледі,Қайғы-қасірет, күрсіну атаулыБастарынан бірден алыстап кетеді! Ливан тауынан оның аты шулы ағаштары: қарағай, шырша, самырсын саған бірге тасылады. Солармен киелі үйім әдеміленіп қайта салынады. Мен осы жер бетіндегі тұрағымды нұрлы салтанатыма кенелтпекпін. Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді.
Выбор основного перевода