Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Иеміз, зұлымды жазалайтын Құдай,Нұрыңды төкші, о, әділ соттаушы Құдай! Өзін қастерлейтіннің тілегін орындайды,Жалынышын естіп, оны аман сақтайды. Соған орай Исраилдің құдіретті Құдайы — Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие былай дейді: «Ә, бәлем, Мен дұшпандарыма қаһарымды төгіп, теріс қылықтарының тиісті жазаларын тартқызамын! Себебі Жаратқан Ие Өзінің зұлымдарға тиісті жазаларын тартқызатын күнін жоспарлады. Ол Едомға оның Сион халқына көрсеткен зорлық-зомбылығын қайтаратын уақытын белгіледі. — Халқымды Менің жұбатыңдар,Көңілін оның орнықтырыңдар! —Дейді сендер сиынған Құдай Иең. — Қасиетті пайғамбарларына Ол ежелдеБұларды алдын ала білдірткен еді,
Выбор основного перевода