Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар еңіреп жүріп тұқымдарынСеуіп тастайды егістік жерлеріне,Кейін құшақтап алып астық бауларынҚуана қайтады мекендеріне. Ол өлімді біржола жоқ қылады. Жаратушы Тәңір Ие барлық бет-жүздердің көз жастарын сүртіп жұбатып, өз халқының көрген масқарасын бүкіл жер бетінен алып тастайды. Жаратқан Иенің Өзі осыны нық айтқан. Содан Жаратқанның азат еткен халқыСионға ән шырқап қайта оралады,Олар мәңгі бақи мәз-мейрам болады,Қуаныш пен шаттыққа әбден толады.Қайғы-мұң атаулы бастарынан сондаЛезде алыстап кетеді біржолата. Бұрын масқара болғандарыңның орнына айрықша қадірленесіңдер. Бастарыңнан өткізген қорлықтарыңның орнына енді үлестеріңе тиген мұраларыңа қуана ән шырқайсыңдар. Сонымен Құдай халқы өз елінде бұрынғысынан екі есе мол дәулетке қол жеткізіп, мәңгі бақи шаттанатын болады. Өзім де Иерусалимге шаттанып, халқым үшін мәз-мейрам боламын. Енді қайтып қалада зар еңіреп жылаған дауыс естілмейді. Мұның бәрін көріп, шаттанып, көңілденесіңдер. Көк шөп секілді өсіп-өнетін боласыңдар. Осылай Жаратқан Ие Өзіне қызмет ететіндерді құдіретімен қорғап-қолдап, ал қарсы шыққандарға қаһарын төгетін болады. Себебі тақтың ортасындағы Тоқты олардың Бағушысы болып, «тірі судың» бұлақтарына жетелейді. Құдай солардың барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады. Ол барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды».
Выбор основного перевода