Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені жапырақтары қурап кеткен емен ағашына, сусыз, кеуіп қалған бау-бақшаға ұқсайтын боласыңдар. «Менің Исраилді тапқаным иен далада өсіп тұрған тәтті жүзімді табумен бірдей болды. Мен ата-бабаларыңа інжір ағашының алғашқы маусымында ерте піскен жемісіндей қарап, қатты ұнаттым. Бірақ олар Бағал-Пеғорға келгенде өздерін сондағы масқара тәңір мүсініне бағыштап, содан өздері жақсы көрген сол мүсін сияқты жиренішті болып кетті. «Сорлы басым-ау! Бау-бақшаның өнімі түгелдей жиналып болғаннан кейін одан жеміс тапқысы келген кісідеймін. Онда тәбетімді басатын не жүзім шоғы, не ерте піскен інжір жемісінің бірде-біреуі қалмаған! Інжір ағашын ерте сілкігенде, піскен жемістері адамның аузына келіп түседі. Сенің барлық қамалдарың да дәл солай жау қолына түсетін болады.
Выбор основного перевода