Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылай Солтүстік Исраилдегі маскүнемдердің мақтаған сәулетті астанасы аяқ астында тапталады. Қала құнарлы алқаптың үстінен қарайтын қырат басында орналасқан. Ал сол кезде оның салтанатты көркі гүлдей солып қалады. Өтіп бара жатқан біреу ерте піскен інжір жемісін көріп қалса, соны жұлып алып, жеп қояды. Сол сияқты Самария да тез жойылып, жоқ болып кетеді. Бірақ елдің қазіргі басшылары шарап, сыра ішіп алғандықтан теңселеді. Пайғамбар мен діни қызметкер сыра ішіп, жолдарынан тайып кетеді. Олар шарапқа салынып, естерінен адасқан. Сондықтан (пайғамбарлар) аян көргенде шайқалады, әрі (діни қызметкерлер) алдарына әкелінген істерді әділ шеше алмайды.
Выбор основного перевода