Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біліп қойыңдар, Тәңір Иенің Өзі тағайындаған аса күшті де қуатты біреу бар. Сол бұршақты дауылдай, құртушы құйындай әрі зулаған ғаламат тасқындай келіп, Самария қаласын жерге құлатады. Сендердің ажалмен жасасқан келісімшарттарың жойылып, о дүниемен жасасқан келісімдерің күшінде қалмайды. Ғаламат апат бәрін жайлағанда, ол сендерді де құлатып, жайрататын болады. Ой-ниеттерін Жаратқан Иеден жасыруға тырысқандар қасіретке қалады! Олар іс-әрекеттерін түнекте істеп: «Бізді кім көреді? Істеп жатқанымызды қайдан біледі?» деп ойлайды. Қолдарың зұлымдық жасап, қан төгіп арамданды. Ауыздарыңнан өтірік пен жамандық толассыз шыға береді. Ешкім адалдық пен әділдікті жақтап дауыс көтермейді. Бәрі бос жайттарға сүйеніп, сотта да өтірік айта береді. Олар зұлым жоспарлар ойлап шығарып, соларын жамандықпен жүзеге асырады. Олар Жаратқан Ие туралы өтірік айтып: «Ол жоқ, ештеңе істемейді! Басымызға пәле түспейді, не соғыс, не ашаршылықты ешқашан көрмейміз!
Выбор основного перевода