Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Солтүстік Исраилдің сондай әсем де сәулетті астанасы қасіретке қалады! Елдің маскүнем басшылары қаланы өте әдемі гүл шірі не тәждей мақтан тұтады. Сол қала құнарлы алқаптың бас жағында орналасқан. Шарапқа салынып кеткен адамдары қаланы дәріптейді. Бірақ оның әсемдігі гүлдей солып қалмақшы. Сендердің ажалмен жасасқан келісімшарттарың жойылып, о дүниемен жасасқан келісімдерің күшінде қалмайды. Ғаламат апат бәрін жайлағанда, ол сендерді де құлатып, жайрататын болады. Содан соң түнгі түсімде төртінші айуанды да көрдім. Ол өте қорқынышты, үрей туғызатын және асқан қуатты екен. Оның үлкен-үлкен темір тістері болды. Айуан алдына келгеннің бәрін жалмап, парша-паршасын шығарып, қалғанын аяқтарымен таптап жүрді. Ол бұған дейінгі барлық айуандардан өзгеше болды. Оның он мүйізі де бар еді. Сонда дұшпандарым да мұны көреді. Мені: «Құдайың Жаратқан Ие енді қайда?» деп табалаған олар масқараға батады. Жаулардың құлдырағанын өз көзіммен көремін, олар көшелерде батпақ сияқты тапталатын болады».
Выбор основного перевода