Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Ием, Сен санын көбейтіп халқыңның,Оған үлкен қуаныш та сыйлайсың.Адамдар өнім жинау маусымында,Не жау олжасын бөлісіп алғандаҚатты қуанатындары сияқты,Халқың шаттанады Сенің алдыңда. Сендер Патшаны асқан салтанатында өз көздеріңмен көресіңдер. Алысқа созылып жатқан ұлан-ғайыр елге көз саласыңдар. Халқым, шатырыңның орнын кеңейтіп ал! Оның жапқыштарын аямай созып, жіптерін ұзын етіп, қазықтарын мықтап қақ! Бұдан былай сен жан-жаққа тарайтын боласың. Ұрпақтарың басқа халықтарға да билік жүргізіп, қаңырап бос қалған қалаларды жаңадан мекендейтін болады.
Выбор основного перевода