Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Келгеніңде отты пешке тастайсың,Уа, Ием, қаһарыңмен талқандайсың,Оттың жалынымен түгел жалмайсың. Тойларында домбыра мен жетіген, даңғыра мен сыбызғы ойналғанда мұндайлар шарап ішіп қызыққа кенеледі. Алайда олар Жаратқан Иенің игілікті істеріне де назар аудармайды, Оның құдіретті қолымен жасаған іс-әрекеттеріне де көңіл бөлмейді. Оның құрған билігі арта түсіп,Орнатқан тыныштығы шексіз болады,Өзі Дәуіттің тағына отырып,Мәңгі патшалығын сол кезден бастайды,Әділдікпен нығайтып, жалғастырып,Ақиқатты да ұстанатын болады.Барлық қайрат-жігерімен бұлардыӘлемнің Иесі іске асырады! Исраил сиынған Киелі Құдай, оның жарық Нұры, лаулаған от пен жалынға ұқсап бір-ақ күнде Ассурдың тікенді бұталарын әрі жантақ, ошағанын өртеп жібереді: Сенің күркіреген даусыңнан халықтар қашады. Сен орныңнан көтерілсең, олар бытырап кетеді. Естеріңе алыңдар, Жаратқан Ие жалындаған от ішімен түсіп келеді. Оның соғыс күймелері құйындай құйғытады. Иеміз жауларына ашуланып, қаһарын төкпек. Оларды лаулаған отпен тоқтатады. «Олар қаладан шыққанда Маған қарсы бас көтергендердің өліктерін көреді. Солардың тәндерін кеміретін құрттар өлмейді, жалындаған от та мәңгі сөнбейді. Осылай жазаланған күнәкарлар бүкіл адамзат үшін жексұрын болады». Уа, Исраил халқы, жауларыңның үстінен жеңіске жет, дұшпандарыңның барлығы күйресін». Алайда басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдері Исаның жасаған тамаша істерін және балалардың ғибадатхана алаңында: «Дәуіттің Ұрпағы үшін Тәңір Ие мадақталсын!» — деп айқайлағанын көріп-естігенде, ашуланды.
Выбор основного перевода