Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Күнәкарлардың өркендеуін көрдім,Менмендерге қызғана қарай бердім. Өмірінде шекпейді олар азапты,Денсаулығы мықты әрі қуатты, Өзгелердей көрмейді ауыртпалықты,Басқалардай жемейді олар соққыны, Содан моншақтай тағып алып мақтанышты,Әрі киімдей жамылған зорлық-зомбылықты. Тым семіздіктен көздерін май басқан,Арамдық пиғылдары да асып-тасқан. Өзгелерді олар қорлап, жамандайды,Паңдана зәбір-жапа жоспарлайды. Көкті ауызымен иеленгенсиді,Жерге де тілімен билік еткенсиді. Сондықтан да халық оларға бет бұрып,Айтқандарын тыңдайды құштарланып: «Құдай қайдан білсін? — деп сол зұлымдарМақтана сұрайды: — Хақ Тағала ма хабардар?» Тойларында домбыра мен жетіген, даңғыра мен сыбызғы ойналғанда мұндайлар шарап ішіп қызыққа кенеледі. Алайда олар Жаратқан Иенің игілікті істеріне де назар аудармайды, Оның құдіретті қолымен жасаған іс-әрекеттеріне де көңіл бөлмейді. Сондықтан сол кезде Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие сендерді жылап жоқтау айтуға, шаштарың мен сақал-мұрттарыңды алып тастап, азалы киім киюге шақырды. Алайда соның орнына сендер мәз-мейрам болып тойладыңдар, ірі қара мен ұсақ малдарды сойып, етін жеп, шарап ішіп отырып: «Ішіп-жеп тойып алайық, ертең бәрібір өліп қалармыз!» деп, еркінсіп жүрдіңдер. Өз халқым Менен теріс бұрылуға бейім. Олар (Бағалға) биіктеу жерлерде қаншама сиынғанмен, ол соларды (мүшкіл жағдайларынан) еш шығармайды». Мені жіберген Әкемнің Өзі де Мен туралы куәлік етті. Бірақ сендер ешқашан Әкемнің даусын естіп, бейнесін көрген емессіңдер. Оның сөзі де жүректеріңнен орын алған емес, себебі Әкем жіберген Маған сенбейсіңдер. Ирод оны іздеуге бұйырып, таппаған соң күзетшілерді тергеп, өлімге кесті.Бұдан кейін Ирод Яһудеядан астанасы Кесарияға ылдилап барып, сонда біраз уақытқа тоқтамақ болды. Әлде сен Құдайдың мейірім көрсетіп, өзіңді теріс жолдан қайтарғысы келетінін ұқпай, Оның мол мейірімділігін, сабырлылығын және шыдамдылығын менсінбейсің бе?
Выбор основного перевода