Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай — біздің панамыз да күшіміз,Қиын кезде сенімді көмекшіміз. (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Жаратқан Иеге сенім артқандарСион тауындай шайқалмай мәңгі тұрар. Байдың байлығы алынбас қамалдай,Өз қиялында заңғар дуалдай. Сол күндері Жаратқан Ие өсіріп шығарған «Жас Өскін» салтанатты да қадірлі болады. Исраил халқының қырғыннан тірі қалғандары осы жердің өнімін мақтан тұтып, даңққа кенеледі. Сол кезде мынадай ән-жыр айтатын боласың:«Уа, Жаратқан Ием, Сені мадақтаймын!Маған ашуланған едің, ал сосынҚаһарыңды басып, мені жұбаттың. Қала қақпаларының маңында еңіреңдер! Қаланың ішінде зар жылаңдар! Уа, філістірлер, қорқыныштарыңнан су жүрек боласыңдар. Солтүстік жақтан шаң-топырақтың құйын бұлты іспетті жау аттанып келе жатыр! Осы айбынды әскердің қатарларында бірде-бір қорқақ жоқ. Сион, бұдан былай еліңде зорлық-зомбылықтың айқай-шуы естілмейді, өзің де қиратылып, талқандалмайсың. Керісінше, сен өзіңді құтқарған Мені «қамалым», Маған арнаған мадақтауыңды «бекітулі қақпаларым» деп атайтын боласың.
Выбор основного перевода