Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біліп қойыңдар, Жаратқан Ие жерді ойрандап, құнарсыз қылмақ! Ол жер бетінің күл-талқанын шығарып, тұрғындарын шашыратып жібермек. Сол жерден де бұғауланған екі қолыңды басыңа қойып алып жер аударылып кетесің. Себебі сенің сенім артқан одақтастарыңнан Жаратқан Ие теріс бұрылып, олардан еш пайда көрмейсің». — Жерге қарасам, ретсіз, тіршіліксіз бос жатыр, аспанға қарасам, жарығынан жұрдай болып тұр. Ұрының табан астынан түсетіні сияқты, Иеміздің қайта оралатын күні де білдіртпей кенеттен келмек. Сол күні аспан қатты шумен жоқ болып, дүниенің құрамдас бөліктері өртеніп құрып кетеді. Жердің өзі де, ондағы бүкіл жаратылыс пен адам қолымен істелгеннің бәрі де өртеніп жоқ болады.
Выбор основного перевода