Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Нұх алты жүз жасқа келгенде, екінші айдың он жетісінде — дәл сол күні терең тұңғиықтағы барлық қайнар көздерден су атқылап, әрі «аспан қақпалары айқара ашылып», Сол заматта жер дірілдеп сілкінді,Таулардың негізі шайқалып дірілдеді,Өйткені Құдай қаһарына мінген еді. «Сені күтіп тұрғаны — қорқыныш, ор әрі тұзақ, уа, Моабтың тұрғындары! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Қорқыныштан қашатындар орға түседі, ал ордан өрмелеп шыққандар тұзаққа түседі. Өйткені Менің Моабты күнәлары үшін жазалайтын уақытым келді!» — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Кім Хазаилдің семсерінен қашып құтылса, Еху соның көзін құртады, ал кім Ехудің семсерінен қашып құтылса, Еліше соның көзін құртады.
Выбор основного перевода