Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондықтан мықты халықтар Сені даңқтамақ,Қатыгез ұлттардың қалалары қорықпақ. Мен араларында кереметтер істеп, билігімді паш етемін. Солардың аман қалғандарынан кейбіреулерін әлі де атағым мен ұлылығымды естіп-көрмеген алыстағы халықтарға жіберемін. Хабаршыларым батыстағы Тарсис жағына, Либияға, аты шулы садақшылардың елі Лүдияға, солтүстіктегі Тұбалға, Грекияға және аралдар мен теңіз жағалауларындағы басқа елдерге барып, сол халықтарға да асқан ұлылығымды жариялайтын болады. Күннің шығысынан батысына дейін халықтар арасында Менің есімім зор даңққа бөленеді. Барлық жерлерде де Маған арналып хош иісті заттар түтетіліп, адал сый-тартулар ұсынылады. Себебі халықтар арасында Менің есімім даңқталады, — деп нық айтады Әлемнің Иесі.
Выбор основного перевода