Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құнарлы бау-бақшаларда шат-шадымандық ғайып болады. Жүзімдіктерде көңілді әндер шырқалмайды. Сыққыш шұңқырларда ешкім де қуана айқай сала жүзімді таптап шырынын ағызбайды. Себебі тікенді бұталар мен ошағандар халқымның еліне қаптап кетеді. Ермекке салынған барлық үйлеріңді, шат-шадыман дауыстарға кенелген қалаларыңды аза тұтыңдар! — Яһуда елі қайғырып, қалалары шөлден әлсіреп жатыр. Адамдар аза тұтып жерде отыр, Иерусалимнен зарлы дауыстар шығып жатыр. Басқа ұлттар сенің масқараң туралы біліп алып, жан айқайың барша жерде естілуде. Қашып жатқан жасақшыларың бір-бірімен соқтығысып, екеуі де бірдей құлап түседі. Ояныңдар, уа, маскүнемдер, еңіреп жылаңдар! Ей, шарап ішетіндердің бәрі де, тәтті шарапты жоқтап зарлаңдар, өйткені енді содан құр қалдыңдар! Жүзім бұталары қурап, інжір ағаштары солып қалды, анар, құрма, алма, даладағы барлық ағаштар да қурап қалды. Содан адамдар да қуаныштан ада болды.
Выбор основного перевода