Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі Мен, Әлемнің Иесі, лаулаған қаһарымды көрсеткен сол күні аспанды шайқалтамын! Сонда жер сілкініп өз орнынан қозғалады. Содан (Бабылдағы) әрбір адам аңшы қуған киіктей, бақташысы жоқ отардай өз халқы мен еліне қарай қашып кетеді. Жер жарылып, қақ айырылуда, жер сұрапыл сілкінуде! Жер мас адамдай теңселіп, дауылдағы лашықтай шайқалады. Жер өзінің бүлікшіл істерінің салмағынан төмен тартылады. Ол құлап, енді қайтып көтерілмейді. Уа, Иерусалим, құла түзден соққан желдің кебекті ұшырып әкететініндей, Мен де сенің тұрғындарыңды жан-жаққа шашыратып жіберемін. Шығыстан соққан дауыл сияқты, Мен оларды жауларының алдында шашыратып жіберемін. Бастарына күн туғанда Мен олардан сырт айналып, бет-жүзімді көрсетпеймін». Сонда сендегі әкелер өз балаларының, ал балалары әкелерінің етін жейтін болады. Осылай Мен саған жазаңды тартқызамын. Содан тірі қалған адамдарыңның бәрін дүниенің шартарабына шашыратып жіберемін.
Выбор основного перевода