Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен Самарияны өзінің пайдасыз тәңірлерімен қоса құрттым, Иерусалимге және ондағы жұрт табынатын мүсіндерге де дәл солай істеймін!» Олар енді қайтып өздері жасаған құрбандық үстелдеріне бет бұрмайды, әрі өз қолдарынан шыққан Ашера бағаналары мен хош иісті заттар түтететін үстелдерге сеніммен қарамайтын болады. Ешбір пайдасы жоқ «қуыршақ тәңірлерді» жасап, мүсіндерін құйып қалыптастыратындар кімдер? Сонда өзіңе жасап алған тәңірсымақтарың қайда? Құтқара алса, басыңа пәле түскенде келіп, сені құтқарып алсын! Өзіңде қанша қала болса, сонша тәңірге табынасың ғой, Яһуда-ау! Кінәларын жазасыз қалдырмай, жасаған күнәларын көз алдыңнан өшіріп тастай көрме! Себебі олар құрылысшылардың алдында Сенің қаһарыңды өршітті ғой». Әрбір пенде төмендетіліп, бәрі де масқараланып, менменнің көзі төмен түседі.
Выбор основного перевода