Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Құдай Ие жердегі топырақтан адамды қалыптастырып жасап, оның мұрнына тіршілік лебін үрледі. Адам осылай тірі жан болып шыға келді. Нехо Жосияға елшілерін жіберіп, мынадай хабарын жеткізді: «Ей, Яһуда патшасы! Менде не жұмысың бар? Бүгін саған қарсы емес, өзіммен соғысып жүрген патша әулетіне қарсы аттандым. Құдай маған тездетуге бұйырды. Өзіме жар болып отырған Құдайға қарсы шығуыңды доғар! Егер тілін алмасаң, Ол көзіңді құртады!» Кеудемде жаным болғанша, Құдай маған тыныс алуға мұрша бергенше, Әміршілерге үміттеріңді артпаңдар,Өткінші пендені сүйеніш қылмаңдар,Пәледен құтқара алмайды олар: Өйткені адам баласының да, хайуанның да ұшырайтын тағдыры бірдей: адамның өлетініндей, хайуан да өледі. Екеуінің де кеудесінде тіршілік лебі бар, осы жағынан адамның хайуаннан артықшылығы жоқ. Себебі олардың бәрі де өткінші. Барлығының да барар жері біреу: бәрі де топырақтан жаратылған және қайтадан топыраққа айналады. Адам баласының жанының көкке көтерілетінін, ал хайуанның жанының төменге, жер қойнына кететінін кім біледі?» Жаратқан Ие мынаны айтады: «Адамға сенім артып, өмірі өткінші пендені қорған санайтын, әрі жүрегін Жаратқан Иесі — Менен алшақтап әкеткен әркімді қарғыс атсын! сендер тіпті күні ертең не болатынын білмейсіңдер! Өмірлерің неге ұқсас? Ол әншейін аз уақытқа көрініп, кейін ғайып болатын бу іспетті емес пе?
Выбор основного перевода