Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сион, сен де бұрын білмеген халықтарды шақырасың. Өзіңді танымаған ұлттар саған келуге асығатын болады. Себебі Мен, сенің Құдайың Жаратқан Ие, Исраилдің Киелі Құдайы, осыларды іске асырып, сені салтанатты ұлылыққа бөлемекпін». Олардың істері мен ойларын білемін.Менің бүкіл халықтарды, әр түрлі тілде сөйлейтін ұлттарды жинайтын кезім жақындады. Олар келіп, құдіретті ұлылығымды көретін болады. Әлемнің Иесі мынаны да айтады: «Болашақта басқа халықтар мен көптеген қалалардан адамдар Иерусалимге келетін болады. Сол кезде бір қаланың тұрғындары басқа бір қаланың халқына барып: Жүріңдер, тезірек барып, Жаратқан Иенің мейірімін сұрайық! Әлемнің Иесіне бет бұрып сиынайық! Біз өзіміз сонда бара жатырмыз, — дейді. Көптеген халықтар мен күшті ұлттар Әлемнің Әміршісі Жаратқан Иеге сиынып рақым етуін өтіну үшін Иерусалимге келетін болады». Әлемнің Иесі тағы мынаны айтады: «Сол күндері әрбір яһудалық адамның киімінен әр түрлі тілдер мен ұлттардың он адамы ұстап алып: Құдайдың сендерге жар болып, сендермен бірге екенін естігенбіз. Өзіңмен бірге баруға рұқсат ете көрші, — деп жалынатын болады». Оның атынан Иерусалимнен бастап барлық ұлттарға да теріс жолдан қайтқан адамдардың күнәларын Құдай кешіреді деген Ізгі хабарды жариялау да қажет.
Выбор основного перевода