Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кейінгі заманда Жаратқан ИеніңКиелі үйі тұрған Сион тауыБастысы болады бар тау-төбелердің,Бәрінен де оның атақ-даңқыӘлдеқайда жоғары болып қалады.Сонда халықтардың адамдарыСоған қарай ағылатын болады. «Енді жүріңдер, Жаратқан Иенің,Жақыптың халқы сиынған Құдайдың,Сион тауындағы киелі үйінеӨрлеп барайық барлығымыз, кәне!Сол жерде Жасаған Иеміз бізгеАқ жолын нұсқайды, сонымен жүрейік,Оның әділ еркін орындай берейік!» — Деп, көп ұлттар жолға шығады бірігіп.Сөзін таратады тәлімін үйретіпЖаратқан Ие Иерусалимнен,Сиондағы өз киелі үйінен. Сонда Иеміз көп халықтар арасындаТөрелік етіп, алыс та алып ұлттарғаШығаратын болады әділ үкімін.Енді олар төс үстінде қаруларынҚайта соғып, соқаға қылыштарынАйналдырады, ораққа найзаларын.Содан халықтар енді қайтып ешқашанБір-біріне қарсы қару көтермейді,Олар соғысуды тіптен үйренбейді. Сол уақыт келгенде Ассур мен Мысырға айдалып, құрып кете жаздаған исраилдіктерді кері шақыру үшін үлкен керней тартылады. Сонда олар қайтып келіп, Иерусалимдегі қасиетті Сион тауында Жаратқан Иенің алдында иіліп ғибадат ететін болады. Сендер биік те салтанатты тау бастарына көтеріліп, сол жерлерге азғындық үшін төсектеріңді жайып, құрбандықтарыңды шалып та келесіңдер. Сонда күллі елдерден Маған арналған сый-тарту іспетті барлық бауырластарыңды ат, қашыр, желмаяларға немесе арба-күймелерге мінгізіп, Иерусалимдегі Өзіме бағышталған Сион тауына тездетіп алып келеді, — дейді Жаратқан Ие. — Бұл, Исраил халқының Маған арнаған сый-тартуларын таза ыдыстармен киелі үйіме алып келгені іспетті болады. Сол заман келгенде Иерусалим «Жаратқан Иенің жер бетіндегі тағы» деп аталып, барлық ұлттар Жаратқан Иенің есімін дәріптеу үшін Иерусалимде жиналатын болады. Бұдан былай олар өздерінің зұлым жүректерінің қыңырлығымен жүрмейді.
Выбор основного перевода