Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Ием, маған шырақтай нұр шашасың,Уа, Құдайым, түнегімді жарық қыласың. Біліп алыңдар, Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие оларды ағаштың кесілген бұтақтарындай етіп қорқынышты құдіретпен шауып құлатады. Зәулім ағаштай өркөкіректеніп, менменсіген олар кесіліп түсіп, қор болады. Ливанның қалың ормандары балтамен шабылып тасталғандай, паңданған жаудың әскері Құдіретті Құдайдың алдында құлап, жермен-жексен болады. Уа, Ливан елі, қақпаларыңды айқара аш, самырсындарыңды от жалмап қойсын! Уа, қарағай ағаштары, зар жылаңдар, себебі самырсындар құлап, айбынды ағаштар қирап қалды. Уа, Башан елінің емендері, зар жылаңдар, себебі Ливанның қалың орманы күйреді.
Выбор основного перевода