Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол күндері Тәңір Ие Ассур патшасын Евфрат өзенінің ар жағынан жалдап алып, сендерге қарсы жібереді. Сонда Ол Ассур патшасын ұстарадай қолданады: сендердің шаштарың мен аяқтарыңдағы түктеріңді, тіпті сақал-мұрттарыңды да алып тастаған іспетті сендерді масқара қылады. Себебі Сен өз ата-бабаларынЕжелде Мадиянның зорлығынанШексіз құдіретіңмен құтқарғансың!Енді тағы да меншікті халқыңныңЕңсесін басқан езгіні құртасың,Арқасын ұрып-соққан жау сойылын,Қатал қанаушының асатаяғынБіржола сындырып, жойып тастайсың! Езекияның патшалық құрған он төртінші жылы Ассур патшасы Сеннахирим Яһуда елінің (Иерусалимнен өзге) барлық қамалды қалаларына қарсы аттанып, оларды басып алды. (Жаратқан Ие былай дейді:) «Сен Менің сойылымсың, соғысқа арналған қаруымсың. Мен сені қолыма алып, халықтарды күйретіп, патшалықтарды құртамын.
Выбор основного перевода