Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өзің таяғыңды ұстап, қолыңды теңіздің үстіне қарай соз. Сонда теңіз қақ айырылып, халық теңіз ортасынан құрғақ жермен өте шығады. Ал арттарынан қуған мысырлықтар: перғауынның барлық аттары, соғыс күймелері мен атты жауынгерлері исраилдіктердің ізімен теңіздің ортасына дейін кірді. Мұса қолын теңізге қарай созды. Содан таң ата су орнына келді. Қашып бара жатқан мысырлықтар оған қарсы жүгіріп, Жаратқан Ие оларды теңіз ішінде суға батырды. Ефремдіктер Мадиянның артынан қуып, олардың екі әміршісі — Ориб пен Зипті тұтқындады. Содан Орибті Ориб құзының, Зипті Зиптегі жүзім сыққыштың маңында өлтіріп, бастарын Иорданның жағасынан Гедеонға алып барды. Сол түні-ақ Жаратқан Иенің періштесі ассурлық әскер қосына барып, ондағы бір жүз сексен бес мың адамды қырып кетті. Таң ата тірі қалғандары тұрып қараса, солардың бәрінің өліктері жатыр екен! Істеші жаулардың әміршілерінеЕжелде істегеніңдей Ориб пен Зипке,Істеші олардың бар көсемдеріне,Өзің істегеніңдей Салман мен Зебейге,Өйткені жау былай деді біз жөнінде: Себебі Сен өз ата-бабаларынЕжелде Мадиянның зорлығынанШексіз құдіретіңмен құтқарғансың!Енді тағы да меншікті халқыңныңЕңсесін басқан езгіні құртасың,Арқасын ұрып-соққан жау сойылын,Қатал қанаушының асатаяғынБіржола сындырып, жойып тастайсың! Сол кезде Жаратқан Иенің періштесі ассурлық әскердің қосына барып, ондағы бір жүз сексен бес мың адамды қырып кетті. Таң ата тірі қалғандары тұрып қараса, солардың бәрінің өліктері жатыр екен! Сонда Ассур патшасы Сеннахирим жолға шығып, еліне кері қайтып, астанасы Ниневиде тұрып қалды. Бірде Сеннахирим Нисрох есімді жалған тәңірінің ғибадатханасында құлшылық етіп тұрған кезде оның ұлдары Адрам-Мәлік пен Сәресер оны семсермен шауып өлтірді. Содан екеуі Арарат еліне қашып кетті. Сеннахиримнің өзге ұлы Асардан әкесінің орнын басып патша болды.
Выбор основного перевода