Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі халқымның құтқарылып, тірі қалғандары Иерусалимдегі Сион тауынан өсіп шығатын болады. Әлемнің Иесі бұларды қайрат-жігерімен іске асырады. Сол түні-ақ Жаратқан Иенің періштесі ассурлық әскер қосына барып, ондағы бір жүз сексен бес мың адамды қырып кетті. Таң ата тірі қалғандары тұрып қараса, солардың бәрінің өліктері жатыр екен! Сонда Ассур патшасы Сеннахирим жолға шығып, еліне кері қайтып, астанасы Ниневиде тұрып қалды. Бірде Сеннахирим Нисрох есімді жалған тәңірінің ғибадатханасында құлшылық етіп тұрған кезде оның ұлдары Адрам-Мәлік пен Сәресер оны семсермен шауып өлтірді. Содан екеуі Арарат еліне қашып кетті. Сеннахиримнің басқа ұлы Асардан әкесінің орнын басып патша болды. Сонда сен құлап түсіп, жерде жатып сөйлейтін боласың. Сенің сөздерің өзің жатқан шаң-тозаңнан естілмек. Даусың тіпті көрдегі аруақтың сыбырына ұқсамақ. Сен кімді мазақтап, балағаттадың? Кімді дауыстап қорлап, кімге паңдана қарап тұрсың, соны білесің бе?! Маған, Исраилдің Киелі Құдайына қарсы солай істеп тұрсың! Сол кезде Жаратқан Иенің періштесі ассурлық әскердің қосына барып, ондағы бір жүз сексен бес мың адамды қырып кетті. Таң ата тірі қалғандары тұрып қараса, солардың бәрінің өліктері жатыр екен! Сондықтан Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: «Біліп алыңдар, Мен Ассур патшасына жазасын тартқызғандай, Бабыл патшасын да, оның елін де дәл солай жазалаймын!
Выбор основного перевода