Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Оларды саз балшықтан илеп кірпіш құйып, үй салудың және егіндіктің кез келген ауыр жұмыстарына жекті де, қаталдықпен әр түрлі қара жұмыстарға мәжбүрлеп, өмірлерін аса қиындатты. Олар өздері тағайындаған исраилдік бақылаушыларды: «Неге сендер кеше де, бүгін де кірпіш мөлшерін бұрынғыдай етіп өткізбедіңдер?» — деп, соққының астына алды. Сонда исраилдік бақылаушылар перғауынның алдына барып:— Тақсыр, құлдарыңызға неге бұлай істейсіз? Бізге сабан берілмейді, алайда кірпіш құю талап етіледі. Міне, құлдарыңызды ұрып-соғады, бірақ бәріне кінәлі өз халқыңыз, — деп жалбарынды. Жұрт былай демек Сион қаласы жайында:«Осындай да осындай ер туған мұнда,Қаланы Өзі бекіткен Құдай Тағала». Жаратқан Ие тіркегенде халықтарды:«Бұлар — Сионда туғандар» деп жазады. пайғамбар оларға былай деп жауап берді:— Тақсыр иелеріңе былай деңдер: Жаратқан Ие мынаны айтады: Ассур патшасының нөкерлерінің Мені балағаттап айтқан сөздеріне бола қорықпа! «Халқыңды, өз үлесіңе тиген отарыңды, асатаяғыңмен бақ, уа, Ием. Олар ну орманда әрі құнарлы егістіктерде тұрады. Өткен замандағыдай, олар Башан мен Ғилақадтың жайлауларында оттасын».
Выбор основного перевода