Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
онда Құдай сот жүргізу үшін орнынан тұрғанда, не істер едім? Ол мені тексеріп сынағанда, Оған қандай жауап берер едім? Жаратқан Ие алыстағы халықтарға арнап туын көтеріп, ысқырғандай белгі береді. Сонда әскерлері жер шетінен асығыс аттанып, тез жетеді. Осы уақыт жеткенде теңіз жағалауын мекендегендер былай дейтін болады: «Бізді Ассур патшасынан қорғайды деп сенген Мысыр мен Құш елдеріне не болғанын қараңдар! Онда біз қалайша аман қаламыз?!» Осы халықты сол үшін жазаламай қоя берейін бе? Егер мұндай халыққа лайықтысын қайтармасам, соным дұрыс болар ма еді?!» — деп сұрайды Жаратқан Ие. Құдайдың жазалап, қарымтасын қайыратын күндері келіп қалды! Әй, Исраил халқы, осыны біліп қойыңдар! Күнәларыңның көп болғаны сонша, әрі өштесуіңнің де күшті болғаны сонша, сендер пайғамбарды ақымақ, Рухқа бөленген адамды жынды деп есептейсіңдер! Олар сені қиратып, тұрғындарыңды өлтіреді де, күл-талқаныңды шығарып, жермен-жексен етеді. Себебі Құдайдың өзіңді құтқаруға келген кезін түсінбедің.
Выбор основного перевода