Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай адам толықтай ұға алмайтын ғажап істерді істейді, сан жетпес кереметтерді жасайды: Жаратқан Ие ұлы, мадаққа лайықты,Ұлылығын ешкім жете ұғынбайды. Құдай әр нәрсені өз уақытына сай көрікті етіп жаратты. Ол адамның жан дүниесіне мәңгілікті сезетін түйсікті дарытты. Әйтсе де адамдар Құдайдың әуел бастан аяғына дейін не істегендерін түсіне алмайды. Сонда мен Құдайдың істерінің бәріне назар салып, мынадай қорытындыға келдім: Осы өткінші дүниеде болып жатқан жайттарды пенде толықтай ұғына алмас. Адам оны зерттеп білуге қаншама тырысса да, осы мақсатқа ешқашан жете алмайды. Кейбір ақылды адам «мен оны түгелдей білемін» деген пікір білдірсе де, шын мәнінде ол солай емес. О, неткен бай Құдайдың даналығы,Неткен терең Оның білік-парасаты;Шешімдеріне адам ақылы жетпес,Жолдарын Оның ешкім зерттеп бітпес! Себебі адамның ішкі құпия-сырларын оның өз рухынан басқа бірде-бір адам біле ме? Сол сияқты, Құдайдың терең ой-мақсаттарын да Оның Киелі Рухынан басқа ешкім білмейді.
Выбор основного перевода